Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Рухани ағарту орталығына 180 кітап тарту етілді
02 наурыз, 2023 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында ашылған рухани ағарту орталығына 180 дана діни кітап тарту етілді.  

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы Қарқаралы ауданына жүргізген қызметтік бақылау - басқару сапары барысында Егіндібұлақ ауылында ашылған рухани ағарту орталығына барды. Орталықта арнайы насихат жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Аймақ тұрғындарына облыс бас имамының сәлемін жеткізе келе, орталықтың сөрелеріне түрлі діни тақырыптағы жүз сексенге жуық кітап тарту етті. Жергілікті халық пен аймақ жастарының діни сауат ашуына үлкен септігін тигізетін кітаптар ҚМДБ-ның арнайы сараптамасынан өткен, асыл дініміз бен ата дәстүр салтымыздың құндылықтарын насихаттау мақсатында арналған. 

Келелі кездесу барысында орталықта арнайы Құран оқылып, дұға жасалды. Шараға Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Құбылайханов арнайы қатысыпы, облыс наиб имамына аймақтың діни ахуалынан хабар берді.

Орталықтың дамуына үлкен септігін тигізіп, қолдау көрсеткен облыс бас имамының бастамасына Егіндібұлақ тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары