Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«FIRDAUS» мейрамханасының екінші нүктесі сертификатталды
03 наурыз, 2023 жыл 119 Басып шығару нұсқасы

    Қонақтарына адал астың түр-түрін ұсынып, оң бағасына ие болып жатқан «FIRDAUS»мейрамханасының 204 есептік орам, 21 ғимаратында орналасқан екінші нүктесі халал сертификатын иеленді.

Мекеменің қызмет барысын толық тексерістен өткізіп, дәмхананың асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында «Халал Даму» ЖШС –ның технолог мамандары бақылау жұмыстарын жүргізді.  Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Алдағы уақытта «FIRDAUS»  дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз! Дәмхана Қарағанды қаласы, 204 есептік орам, 21 ғимарат.мекен-жайында орналасқан.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары