ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС – ның технологы Кабыкенов Нұрбек Қанатұлы және «Халал» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы Қарағанды қаласындағы бірнеше мекемелерге тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында мекемелердің ас мәзірінен бастап, мекеме қызметкерлердің "Халал" стандартқа сай жұмыстарын бақылады.
Арнайы тексеріс жұмыстары қаладағы «Раян», «Firdaus» мейрамханалары мен «Parapa Pizza» «Doner crush», «Doner chef chiken» фаст-фуд дәмханаларында жүргізілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер