Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Нұр» мешітінде бата беруден іріктеу сайысы өтті
15 наурыз, 2023 жыл 163 Басып шығару нұсқасы

   «Дін мен дәстүр» аясында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтетін «Ақсақалдардың бата беру сайысы» атты байқауға іріктеу сайысы болып өтті. 

Ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында өткен шара мешіт имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Байқауды аймақ имамы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Он беске жуық қария қатысқан бата беру байқауы тартысты өтіп, Бекболат Шариұлы есімді ақсақал жеңімпаз атанды. Бірінші орын иегері Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтетін сайысқа жолдама алды. 

Жарыс соңында жеңімпаздарға қала имамы Әсет Наурызбайұлы құттықтауын жеткізіп, алғыс хатпен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары