Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыда рамазан айына орай кезекті имамдар жиыны өтті
15 наурыз, 2023 жыл 325 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен облыстық «Әнет баба» мешітінде кезекті жиын болып өтті.

Алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен мәжіліске облысқа қарасты қала, аудан имамдары және бөлім басшылары қатысты.  

Жиын барысында облыс бас имамы дін қызметкерлеріне алдымен ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуін жеткізіп, діни басқарма тарапынан жүктелген біршама тапсырмаларды таныстырды. 

Атап айтқанда, рамазан айын жоғары деңгейде өткізу, жер-жердегі мұсылман бауырларымызға оның маңызы мен мәнін түсіндіру, ораза кезінде ауызашардың талаптарға сай болуы жан-жақты айтылды.

Бас имам осы жайларға тоқтала келіп, биыл рамазан айы 23 наурызда басталатынын, ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні екендігін жеткізді. Сондай-ақ,  пітір садақа көлемі әр адамға шаққанда 535  теңге болып бекітілгенін айта келе, қасиетті айда діни қызметкерлерге халыққа осы айды ішкіліксіз өткізуді үндеуді және қайрымдылық шараларын көптеп атқаруды тапсырды. 

Сонымен қатар, ұлық айдағы тарауық намазының өтуін, қайырымдылық шараларының жүзеге асуын,  ауызашар кештеріне тыңғылықты дайындық жұмыстарын аса жауапкершілікпен атқаруға шақырды. 

Жиын барысында мешіттердің ішкі-сыртқы тазалық жұмыстары мен күзет бөлімінің қызметін күшейту мәселесі де баса назарға алынды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары