ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің жанынан бой көтеріп келе жатқан мәйітхана мен дәретхана ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын.
Аймақ имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан құрылыс нысанының бүгінде қабырғалары бой көтеріп, шатыры қойылып үлгерген.
«Бұл қарқынды жұмыстың аудан тұрғындары үшін маңызы ерекше. «Оң қолым бергенді сол қолым көрмесін» деген иманды ата ұрпағымыз. Иманымызды сауапты істен жиғымыз келсе, ең азы осы дініміз үшін жасалынып жатқан жақсы іске қолұшымызды берейік, жамағат! Сіздің берген бір мың теңгеңіз шеге алуға жетсе, ол үшін де мейірімі күшті Алла сізді шапағатқа бөлейтіні сөзсіз»,-деді аудан имамы Қанай Асхат өз сөзінде.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет.
Пікірлер