Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыда Рамазан айына қатысты брифинг өтті
16 наурыз, 2023 жыл 277 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуіне орай баспасөз мәжілісін өткізді.

Брифингке Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы және «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, ұстаз Юсуфбек Шұғайұлы қатысып, Рамазан айы туралы ақпарат берді.

Мәжіліс барысында қасиетті Рамазан айының уақыты, қасиеттері, шарттары, «Рамазан қоржыны», «Ауызашар себеті» сынды қайырымдылық шараларын өткізу, мешіттердегі тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері, пітір садақасы мөлшері жайында өзекті тақырыптар қозғалды.

«ҚМДБ пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе ортақ шешім қабылдады. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекес»,-деп атап өтті бас имам өз сөзінде.

Айта кетсек, биыл ҚМДБ-ның шешімімен жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 535 теңге, ал фидия құны 3000 теңге деп бекітілді.
 
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары