Наурыз мерекесінің қарсаңында Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында қазақтың ұлттық ойыны асық атудан сайыс өтті.
Мешіт имамы Мұхамедқали Салиқовтың ұйымдастыруымен өткен шараға онға жуық қатысушы қатысып, бақ сынасты. Шараның басты мақсаты жастарды ұлттық руханиятпен сусындату. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер