Center Image
IHSAN.KZ
«Әсем» балалар үйіне қайырымдылық жасалды
 «Әсем» балалар үйіне қайырымдылық жасалды

  Қасиетті наурыз айының қарсаңында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен қаладағы «Әсем» балалар үйіне қайырымдылық жасалды.

Игі шара мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының мұрындық болуымен жүзеге асты. 

Шара барысында мекемедегі балаларға тәттілер мен ыстық бауырсақ және оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді. 

Мекеме басшылығы игі істі  жүзеге асыруды жылдағы дәстүрге айналдырған мешіт имамы Махмұд Нұрұлына арнайы алғыс хат табыстап, ризашылықтарын білдірді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz