Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саранда бата беруден іріктеу сайысы өтті
17 наурыз, 2023 жыл 71 Басып шығару нұсқасы

«Дін мен дәстүр» аясында Саран қалалық мешітінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтетін «Ақсақалдардың бата беру сайысы» атты байқауға іріктеу сайысы болып өтті. 

Ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында өткен шара мешіт имамы Мұхамедқали қажы Салиқовтың ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Байқауды аймақ имамы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Бата беру байқауы тартысты өтіп, Назарбеков Қойбағар есімді ақсақал «Әнет баба» мешітінде өтетін сайысқа жолдама алды. 

Жарыс соңында жеңімпаздарға қала имамы  құттықтауын жеткізіп, алғыс хатпен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары