Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Иса молла» мешітінде тұсау кесу рәсімі өтті
17 наурыз, 2023 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

   Алда келе жатқан әз-наурыз мерекесінің қарсаңында Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы аясында тұсау кесу рәсімі болып өтті.

Ұлттық дәстүрлерімізді жаңғырту һәм насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға мешіт имамы Азамат Серікұлы арнайы  қатысты.

Шара барысында  Алла үйіне арнайы келген ата-ана мешіт имамына тәй-тәй басқан бөбектерінің  тұсауын кестіріп, ақ батасын алды.

Тұсау кескен жанның кәде сыйы ретінде қуаныш иелері мешіт имамына сый-сияпат жасап, иығына қазақы шапан жапты.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары