Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен ҚМДБ бекіткен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Төлеутай ата» мешітінде Наурыз мерекесі аталып өтті.
Аймақ имамы Серік Аманбайұлының және мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында бірқатар іс-шаралар өтті. Айтулы мереке құрметіне мешіт ауласына киіз үй тігіліп дастархан жайылды. Наурыз дастарханында мешіт ақсақалдары мен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен келген дін қызметкерлері бас қосты. "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы уағыз-насихат айтып, кеш қонақтарына облыс бас имамының құттықтауын жеткізді. Жұма құлшылығын өтеуге келген жамағаттарға наурыз көже мен ыстық бауырсақ таратылды. Ұлттық ойын арқан тарту, гір тасын көтеруден жамағат арасында жарыс болып, оза шапқандарға сыйлықтар берілді. Ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға оқылып, бата жасалды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер