Center Image
IHSAN.KZ
«Дін мен дәстүр» тақырыбы мектеп оқушыларына насихатталды
«Дін мен дәстүр» тақырыбы мектеп оқушыларына насихатталды

   Шет ауданы, «Иса молла» мешітінің имамы Азамат Серікұлы аймақтық қазақ орта мектебінде өткен наурыз мерекесіне қатысып, «Дін мен дәстүр» тақырыбы  аясында насихат айтты.

Тәрбие танымдық кешке жиналған ұстаздар мен ата-аналар қауымына бала тәрбиесі, балаға ат қою, отбасы құндылығы тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, кеш қонақтарын алдағы рамазан айының жақындауымен құттықтап, берекелі айдың қадірі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz