Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құранға түскен шәкірттер сертификатталды
18 наурыз, 2023 жыл 79 Басып шығару нұсқасы

   Қасиетті рамазан айының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен Құранға түскен шәкірттерге арнайы сертификат табысталды.  

Алла үйінде біршама уақыттан бері Құран ілімдері бойынша дәрістерге қатысып, сауат ашқан шәкірттер саны жетерлік. Берекелі айдың қарсаңында мешіт имамы шәкірттерді ынталандыру мақсатында арнайы рухани бас қосу кешін ұйымдастырды.  

Шара барысында мешіт имамы «Құран оқудың артықшылығы» тақырыбы аясында әсерлі уағыз-насихат айтты. 

Сонымен қатар, шәкірттердің білім алуы жолында қажырлы ұстаздық қызметін атқарып жүрген Дастан Рахымжан ұстаз білім алудың маңыздылығы жайында насихат айтты.  

Сонымен қатар, алда келе жатқан қасиетті рамазан айының құрметіне орай шәкірттерге ҚМДБ-ның басылымынан жарыққа шыққан «Рамазанға қатысты 200 cұрақ» атты кітабы тарту етілді.  

Шара соңында мешіт имамы Құран ілімдері бойынша білімдерін жетілдіріп, құранға түскен шәкірттерді ынталандыру мақсатында арнайы сертификат табыстады.   

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары