Мұсылманның бес парызының бірі – зекетті насихаттау үшін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мирас Ерланұлы жергілікті саудагерлер мен қала тұрғындарына зекет парызын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сауда орындары мен базарларды, дүкендерді, басқа да нысандарды аралап, зекет парызын насихаттау мақсатында кітапшалар мен бүктемелер таратты. Бұл кітапшаларда зекет жайлы мәліметтер, нисап мөлшері, реквизиттер, сұрақ-жауапқа арналған электронды пошта мен байланыс нөмірі көрсетілген.
Қарағанды облысының баспасөз қызметі
Пікірлер