Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде рамазан жоспары талқыланды
22 наурыз, 2023 жыл 51 Басып шығару нұсқасы

   Кеше Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен қасиетті рамазан айында дайындық жүргізу мақсатына бағытталған кезекті жиын қалалық «Бала қажы мешітінің имамы  Нұров Махмұд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Кезекті жиынға мешітінің наиб имамдары, ұстаздар мен молдалар және басқа да дін қызметкерлері қатысты. 

Жиында  рамазан айына бірқарат жоспарлар жүйеленіп, талқыға салынды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамының тарапынан жүктелген  тапсырмалар жүйеленді. 

Мешіт имамы дін қызметкерлеріне берекелі айда жүзеге асатын қайырымдылық шараларды, уағыз-насихат, қоғаммен байланыс, дін мен дәстүр, ауызашар, тарауық намазын жоғары деңгейде ұйымдастыу сынды бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары