Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған «Қош келдің Рамазан» атты рухани кеш болып өтті.
Шараға Қарағанды қалалық «Бала қажы» және «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы қатысып, «Рамазан айының құндылығы» жайында насихат айтты. Одан кейін, рухани отырыс Максутова Индира ұстаздың «Рамазанда Құран оқу» тақырыбындағы уағызымен жалғасты.
Сонымен қатар, шара ұйымдастырушысы, мешіт ұстазы Ақниет Дәуірғалиқызы әйелдер жамағатына «Рамазан кешірім айы» атты уағыз-насихат айтып, ұстаздар қауымы жамағаттың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер