Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қасиетті рамазан айының алғашқы күні қайырымдылық шарасы жүзеге асып, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Мешіт имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен өткен шарада жиырма төрт отбасыға көмек көрсетілді. Алдағы уақытта, игі шаралар өз жалғасыны табатын болады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер