Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешіті 500 студентке « Ауызашар себетін» үлестірді
«Қазыбек би» мешіті 500 студентке « Ауызашар себетін» үлестірді

   Қасиетті рамазан айында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің  имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен қаладағы 500 студентке «Ауызашар себеті» үлестірілді.

Алдымен, мешіт ауласына тігілген киіз үйде арнайы ас әзірленіп, үш қазан палау дайындалды. Игі іске мешіт жамағаты мен демеушілері ат салысып,  ҚарМУ-ның жанындағы №5 жатақхана студенттеріне ауызашар себетін үлестірді. 

Сауапты шара рамазан айы бойы жалғаспақ. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz