Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті қасиетті рамазан айында бірнеше дүкендерді ішімдік сатудан бас тартуға шақырып, «Арақ күнәлардың анасы» атты үндеу жүргізді.
Игі шара «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен және мешіт дін қызметкерлерінің ат салысуымен жүзеге асты. Шара барысында жергілікті «Мирас», «Кәусар» дүкендеріне үндеу жүргізіліп, ішімдік сатудан бас тартуға шақырылды. Нәтижесінде, сауда орындары тек рамазан айында ғана емес, жалпы ішімдік атаулысын сатуды тоқтатуға ниет етті. Ал, «Raimart» шағын маркеттері қасиетті айда азық-түлікті жеңілдікпен сатуға уағдаласты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер