Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты «Төлеутай ата» мешітінде таң намазына келген орыс ұлтының қос азаматы мұсылман атанып, хақ дінді қабылдады.
Мұсылман болмаққа ниет еткен жандарға аймақтық мешіттің наиб имамы Азамат Сайлауұлы насихат айтып, исламдағы бес парызды түсіндірді. Сондай - ақ, оларға кәлима шахадат айтқызып, бірінің есімін Ислам деп өзгертті.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер