Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешіті 100 отбасыға «Рамазан қоржынын» үлестірді
05 сәуір, 2023 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры және «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті айдың құрметіне орай аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жүз отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

Шараға қордың облыс бойынша жауапты меңгерушісі Мирас Ерланұлы және мешіт имамы Махмұд қажы Нұрұлы арнайы қатысып, көмек алушыларды рамазан айымен құттықтады. «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен жүзеге асып жатқан қайырымдылық акциясы облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінде жалғасыны табуда. 

Игі шараға «Ана Мама» қайырымдылық қоры ат салысты. 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары