ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Арақ күнәлардың анасы» атты үндеу Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жалғасты.
Акция аясында мешіттің дін қызметкерлері аймақтағы бірнеше сауда дүкендеріне барып, насихат жұмыстарын жүргізді. Үгін насихат жұмыстарының нәтижесінде жергілікті «Досжан» дүкені ішімдік пен темекі сатудан бас тартты.
Сонымен қатар, шара барысында азық-түліктің бағасын шамадан тыс шарықтатпауға шақырды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер