Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен көшедегі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге су мен құрма таратылды.
Мешіт ұстазы Әлімжан Ақниет бастаған еріктілер және шәкірттерден құралған топ шара барысында ораза тұтқан қала тұрғындарына мейірімділі пен бауырмалдылықты насихат ету мақсатында игі іске белсене ат салысты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер