Қарағанды қаласына белгілі «Нурмаганбетов А.К» ЖК-не қарасты «Вкуснейший» сауда белгісімен танымал фаст-фуд өнімдері халал сертификатын жаңартты.
Кәсіпорынның халал стандарттарына сай өнім шығару ниетіне байланысты және арнайы тексерісінен кейін, мекеме басшылығына «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттары бойынша арнайы құжатты табыс етті. Сертификатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы табыстады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер