Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешітінде 100 балаға ауызашар берілді
17 сәуір, 2023 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Қазбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы және «Бірлік» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қасиетті қадір түнінің құрметіне орай  100 балаға ауызашар дастарханы жайылды.

Шара барысында  балаларға викториналық сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Жас жеткіншектер Құран оқудан және хадис айтудан өзара бақ сынасып, білімдерімен тәнті етті. Бүлдіршіндердің құрметіне орай жүзеге асқан шара барысында оларға көңілді кеш ұйымдастырылып, ойын сауық бағдарламасы жасалды. Берекелі шараға арнайы қатысқан «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы арнайы насихат айтып, балаларға өзінің ыстық лебізін білдірді. 

«Қазыбек би» мешіті мен  «Бірлік» қайырымдылық қорының ұйымдастырған іс шарасына ата-аналар шексіз алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. 

 

Қарағанды облысы бойыша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары