Қасиетті қадір түнінің қарсаңында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде 650 адамға ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани кешке жиналған дүйім жамағатты Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бекелі түнмен құттықтап, Өзінің ыстық лебізін білдірді.
Алдағы уақытта ауызашар дастарханымен бастау алған қадір түні облыстық «Әнет баба» мешітінде арнайы бағдарлама бойынша аталып өтпек.
Парыз бен нәпіл намаздары оқылып, еркін құлшылыққа да уақыт беріледі.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер