Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешітінде әйелдер құран хатымды аяқтады
19 сәуір, 2023 жыл 883 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйелдер арасында өткен Құран хатым толықтай аяқталып,  облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы хатым дұғасын жасады. 

Рухани шарада Бас имам бір ай бойы Алланың қасиетті кітабын оқып, хатым еткен ақ жаулықты әжелер мен әйелдер жамағатына «Құран оқудың артықшылығы» және «Рамазан-Құран айы» тақырыбында уағыз-насихатын айтты.

Одан кейін,  шараға жиналған шәкірт-аналар осындай рухани шараға мұрындық болған облыс бас имамы мен мешіт ұстаздарына алғыстарын білдірді.  Еліміздің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігін тілеп, дұға жасады.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары