Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешіті жарапазан эстафетасын «Төлеутай ата» мешітіне жолдады
 «Әлихан Бөкейхан» мешіті жарапазан эстафетасын «Төлеутай ата» мешітіне жолдады

   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған "Айтайық, Жарапазан елімізге" атты эстафетасы Қарағанды облысы, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жалғасын тапты. Мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы бастаған топ жарапазан жырын айтып, ораза айымен құттықтап, халыққа қуаныш сыйлады. Игі дәстүрімізді жаңғырту мақсатында «Қазыбек би» және «Бала қажы» мешіттерінен қабыл алынған эстафетаны Әлихан Бөкейхан ауданы, «Төлеутай ата» мешітіне жолдады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz