Жылдағы үрдіс бойынша қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінен бастап Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде күн сайын жамағаты арасында Құран хатым етіліп, толығымен аяқталды.
Мешіт ұстазы Махмұд Бекболатұлының ұйымдастыруымен бір айда жиырма бес мәрте Құрани Кәрім хатым етіліп, соңында Қарағанды облысының наиб имамы Дархан Асылтайұлы батасын берді. Құран хатымнан соң ақсақалдар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Бата жасап, Алладан медеу, пайғамбардан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шапағат тілеп тарқасты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер