Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешіті бір айда 58 000 «Ауызашар себетін» үлестірді
20 сәуір, 2023 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті қасиетті рамазан айның алғашқы күнінен бастап, бір ай бойы аймақтағы оқу орындарының студенттеріне 58 000 «Ауызашар себетін» үлестірді.

 Берекелі айдың құрметіне орай мешіт имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан  шараға мешіттің  дін қызметкерлері, жамағаты мен шәкірттері, және жомарт азаматтары ат салысты.  Шара барысында шахардағы ҚарМУ-нің, Қарағанды медицина университеті, Қарағанды политехникалық университеті жатақханаларының студенттері қамтылды. «Мың теңгеге ауызашар» тақырыбы аясында жүзеге асқан  игі шараға қасиетті ай бойы демеушілік көмек көрсетіп, қолдау білдірген барша жомарт азаматтарға «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы алғысын білдіреді. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары