Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Дін мен дәстүр» аясында ауызашар дастарханы жайылды
20 сәуір, 2023 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында қасиетті рамазан айының соңғы күні мүгедектер қауымдастығының мүшелеріне және студенттерге ауызашар берілді.

Игі шара «Дін мен дәстүр», «Жастар ісі» және «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлесуімен жүзеге асты. Шара барысында дастархан жайылып, Құран оқылды. Дін мен дәстүр аясында насихат айтылып, кеш қонақтары арасында дәстүрге қатысты викториналық сұрақ жауап ойыны ойнатылды. Кеш қонақтарына сыйлықтар табысталып, соңында бата беріліп, ел мен жердің амандығы үшін дұға тілесті.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары