Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Түйе палуан» жеңімпазына ұмра қажылығына жолдама берілді
21 сәуір, 2023 жыл 394 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  ораза айт мейрамының құрметіне орай жамағат арасында ұйымдастырылған ұлттық ойындар «Түйе палуан» сайысымен жалғасын тапты.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додада мешіт жамағатынан құралған палуандар бақ сынасты. 

Сайыста жүзден жүйрік озған палуандарға облыс имамы жүлделі орындарды табыстап,  қаржылай сыйлықтармен марапатталды. 

Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанып, бірінші орынды қанжығасына байлаған сайыс жеңімпазы Ерсін Серікұлына Ұмра қажылығының жолдамасы тарту етілді. 
Кезекті екінші орын Мұхтар Дәлелханұлына тиесілі болып, 250 000 теңгені олжаласа,   жүлделі үшінші орын Ақжігіт Алтынбекұлына бұйырып, 150 000 теңгені иеленді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары