ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде қасиетті қадір түні жоғары деңгейде аталып өтті.
Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінде жергілікті мешітте орын шаншыр жер болмады. Мың айдан да қайырлы болған берекелі кеште мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы барша мұсылман қауымын қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз - насихатын айтты.
Мешітке жиналған мұсылман жамағатына дастарханы жайылып, 400 адамға мешіт асханасы мен қазақы киіз үйде ауызашар берілді. Берекелі отырыста Құран оқылып, барша жамағат қол жайып, Алла Тағаладан дұға тіледі.
Барша жамағат тарауық намазын оқығаннан кейін Құран Кәрім хатым етілді, мешіт имамы Құран хатым дұғасын жасады.
Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, сұрақ жауап ойындары ұйымдастырылды. Құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады. Сәресі уақытында Алла үйінен 1 500 адам ауыз бекітті.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер