Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жанқұтты би» мешіті ораза айт мерекесін атап өтті
22 сәуір, 2023 жыл 231 Басып шығару нұсқасы

   Адамдар үшін жолбасшы болған Құран түскен ай қасиетті Рамазан айы да аяқталып, Рамазан айын қимастықпен шығарып салған жұртшылық Ораза айт күні таң атысымен  мешіттерге бет алып, айт намазына асықты.

Осы мешіттің бас имамы Берік Алпысбайұлы мешітке келген жамағатты Ораза айтымен құттықтап, тұтқан оразаларыңыз, оқыған намаздарыңыз, берген садақаларыңыз қабыл болсын деп тілегін айтып, Ораза айты жайында насихат айтты. 

Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен Рамазан айының және Ораза айтының құрметіне көмекке мұқтаж, жағдайы төмен, жалғыз басты және көп балалы отбасыларға азық-түліктей, қайырымдылық науқаны жасалып өтті. Мұндай қайырымды іс-шараға тап болған жұртшылық шаттықпен ұйымдастырушыларға  алғыстарын білдірді.

Айт намазы аяқталған соң, арнайы ұйымдастырылған спорттық шаралардан сайыстар жүргзілді. Сайыс алдында мешіт имамы Берік Алпысбайұлы жамағат бірлігін арттырып, салауатты өмір салтанатын насихаттауға бағытталған бүгінгі сайыстың маңыздылығын атап өтіп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Спорттық сайысқа қатысушылар «Асық ату», «Қол күрес», «Садақ ату», «Кір тасын көтеру», «Арқан тартыс» ойындары бойынша күш сынасып, жекелей және топтық марапаттауларға ие болды. Мешіт ауласында өткен дүрбілі сайыс жанкүйерлер мен көрермендер үшін тартысқа толы өтті. Жаңғыртқан қошемет-қолпаштаулар, намысты жаныған қайрау сөздер, жігіттердің күш-қайратына риза болған жанкүйерлердің сүйсінген лебіздері бүгінгі сайыстың жоғары деңгейде өткенінің белгісіндей болды.  

Мұсыландардың берекеге толы мерекелі күнін атап өтуге аудан тұрғындары ғана емес, көршілес ауылдық жерлерден де келген жамағаттарда бақтарын сынап сайысқа қатысты. Аталған шараларға оқушы балалардан бастап біркісідей атсалысып қызықты жүргізді.

Сайыс соңында мешіт имамы жүлде иелерін құттықтап, медаль тағып алғысхаттар мен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Сайыс аяқталған соң, мешіт асханасында «Ораза айт» мейрамына меркелік дастархан жайылып, құран оқылып ақсақадардың батасын алып, дұға жасалды.

Мерекеге ұйымдастырылған дәмнің соңында жиылған жамағат жұма намазын оқып тарқады.         

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары