Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Dami» дәмханасының сертификаты жаңартылды
02 мамыр, 2023 жыл 168 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қаласында орналасқан «Dami» «Asyl» ЖК дәмханасы халал сертификатын жаңартты.

Мекеменің қызмет барысын толық тексерістен өткізіп, дәмхананың асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында «Халал Даму» ЖШС –ның технолог мамандары арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.  Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. Алдағы уақытта «Dami»  дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз! Дәмхана Қарағанды қаласы, Тәтті бет көшесі, 10/14мекен-жайында орналасқан.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары