Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» тақырыбында рухани кеш өткізілді.
Алдымен ауған соғысында қаза болған боздақтардың рухына тағзым етіліп, бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.
Рухани кеште ауған соғысына қатысқан ардагерлер құрметті қонақ болып, бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісты. Шарада уағыз-насихат айтылып, тарихи оқиғаның куәгерлеріне құрмет көретіліп, арнайы сыйлықтар тарту етілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер