Қарағанды шаһарында мұсылмандар қатары тағыда бір адаммен толықты. Бұл жолы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне келген Александра есімді азаматша Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, қабылдамаққа ниетін білдірді.
Хақ дінді қабылдауға келген жанға «Әнет баба» мешітінің ұстазы Махмұд Бекболатұлы шахадатты айтқызып, Ислам дініндегі бес парызды түсіндірді. Сондай-ақ, азан шақырып, есімін Камила деп өзгертті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер