ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған бір топ имамдар «Дархан дала» жобасы аясында «Таутан Молла» мазарын зиярат етті.
Рухани шара барысында бабамыздың атына Құран бағышталып, дұға жасалды.⠀ Шараға Таутан молланың ұрпағы саналатын, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Нұркен Сайфиденұлын арнайы қатысып, бабамыздың ғұмыр тарихынан сыр шертті.
Айта кетсек, данагөй бабамыздың есімі қазақ жұртының тарихында дәстүрлі дініміз үшін мол еңбек сіңірген тұлға ретінде ойып орын алған.
⠀
Кешегі арда бабаларымыздың ғибратты өмірінен өнеге алу бүгінгі ұрпаққа аманат. Міне, осы мақсатты көздеген игі бастама негізінде облыс бас имамы бастаған Қарағанды облысының имамдары аталмыш игі сапар аясында рухани құндылықтарымызды жаңғыртуды ниет етті.⠀ Одан кейін, Таутан молланың артынан қалған ұрпақтары дастархан жайып, жамағатқа арнайы ас берілді.
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер