Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы Ақтоғай ауданына барған қызметтік сапары барысында «Ақтоғай аудандық арграрлық-техникалық колледжі» студенттерімен кездесу өткізді.
Рухани шара «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында өрбіп, облыстан келген дін қызметкері болашақ маман иелеріне асыл дініміз бен дәстүрлі құндылықтардың байланысын түсіндірді. Қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан салттары мен әдет-ғұрпын, өнегелі бабалар өмірін насихаттады.
Сонымен қатар, студенттердің тарапынан туындаған сұрақтарға да жауап берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер