Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттерге Құран кітабы тарту етілді
22 мамыр, 2023 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің  имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіттің жас шәкірттерін ынталандыру мақсатында  оларға Құран тарту етіліп, дастархан жайылды.

Бос уақыттарын діни білім алуға арнап, қалалық мешіттен арнайы дәріс алып, Құран ілімдері бойынша сауат ашып жатқан шәкірттердің саны күн санап артып келеді. Ислам дінінің құндылықтарымен және Құран нәрімен сусындап жатқан шәкірттердің білімге деген ынталарын одан әрі шыңдау мақсатында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы игі шараны жүзеге асырып, шәкірттерге қасиетті Құран тарту етті. Шара барысында  мешіт ауласында тігілген киіз үйде дастархан жайылып, «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында және  "Білім алудың маңыздылығы" тақырыбында насихат айтылды.

 

 

Қарағанды облысы бойынша бас имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары