Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қолөнер – ұлттық мұра» атты рухани шығармашылық шара ұйымдастырылды
23 мамыр, 2023 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

  «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттеріне «Қолөнер – ұлттық мұра» атты рухани шығармашылық шара ұйымдастырылды.

Шараға «Қарағанды облысы қолөнершілер орталығының» басшысы Кулумбетова Перизат,  қолөнер шебері әрі ұлттық ою-өрнекті насихаттаушы Төлеубаева Қамаш апай және қазіргі заманауи  шелкографика саласының маманы Искакова Гүлім ханым қонақ болды.

Қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық ою-өрнектерін бойжеткен қыздарға насихаттау мақсатында жүзеге асқан шара барысында кеш қонақтары қолөнердің маңыздылығы және ою-өрнектердің түрлерінен арнайы дәріс жүргізді. Сондай-ақ, арнайы әзірлеп алып келген туындыларымен бөлісіп, олардың жасалу жолынан сабақ өткізді. Әр-түрлі ою-өрнек түрлерімен танысқан әйелдер жамағаты өз қабілеттерін шыңдап,  ұлттық нақыштағы киім үлгілерін жасады.

Халқымыздың құндылығы жоғары өнерімен сусындаған   әйел-қыздар жамағаты осындай игі әрі пайдалы шараны өткізген мешіт ұстазына және кеш қонақтарына шексіз ризашылықтарын білдірді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары