Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Муфтият имамдары тәжірибе алмасуда (ФОТО)
26 мамыр, 2023 жыл 414 Басып шығару нұсқасы

   Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, діни оқу-ағату бағытын күшейту мақсатында бір апталық тәжірибе алмасу үшін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы Нұржігіт Мұсабеков, Абай облысы «Қосмұнаралы» мешітінің найб имамы Серікбол Арғынов, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» мешітінің найб имамы Құлбек Шыңғыс ұстаздар тәжірие алмасы шарасын өткізді.  

Діни оқу ағарту бағыты бойынша тәжірибе алмасу мақсатында келген қонақтарға найб имам Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Азамат Әбдікерімұлы, Ақтөре Тұрапбай атқарылып жатқан жұмыстар баян етіп, таныстырды. Атап айтқанда, Шымкент орталық мешіті жанындағы көне кітаптарды оқыту орталығы «Яссауи дүниесі», «Халал Даму», «Қажылық» орталығы, «Мұрана тв» бөлімшесі, «Ихсан ілімі» кітапханасы т.б. діни сауат ашу курстарының жұмысымен танысты. Мұнымен қатар, «Шымкент» медресе колледжіндегі «Алаштану», «Тұлғатану» орталығы мен «Ықылас» қариларды дайындау орталығының жұмыстарымен танысып, мол тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, мешіттерде таң намазында имамдық етіп, бесін, ақшам намаздарында жамағатқа дәріс оқыды.

Айта кетсек, арнайы жолдамамен келген дін қызметкерлерін Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қабылдап, жұмыстарына сәттілік тілеп, ризалық білдірді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары