Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ағадыр тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр, 2023 жыл 90 Басып шығару нұсқасы

   31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде кеңестік солақай саясаттың салдарынан жазықсыз жапа шеккендерді еске алуға арналған игі іс-шара өтті.

Аймақтың  зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және жергілікті тұрғындары  қатысқан еске алу шарасына Ағадыр кенті «Иса Молла» мешітінің имамы Азамат Серікұлы қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Рухани шараға сондай-ақ, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қала тұрғындары да қатысты.

Біз тарихтағы зобалаң жылдардың зардабын ұмытпауымыз керек. Өйткені, біз тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана алға қадам басамыз. Келешекте мұндай қасірет қазақ жерінде болмасын. Ал, бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін білуі тиіс.

Жиналған көпшілік, қала басшылығы мен шаһар тұрғындары монумент алдына гүл шоқтарын қойып, алдыңғы буынға құрмет көрсетті.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары