Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алаш қайраткерлері еске алынды
31 мамыр, 2023 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды  облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданының мәдениет үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Қасірет пен тағзым» атты рухани кеш болып өтті.

Шараға қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысты.

 «Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына тағзым ету, Алладан олардың рухына пана тілеу біздің мұсылмандық парызымыз. Сол бабалардан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында тарихтың әр кезеңіндегі қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігіп, мемлекет құрып отырмыз. Тәуелсіздігіміз баянды болып, мұндай нәубеттің қайталануынан Жаратушы Алла Тағала өзінің панасына алсын!» деді облыстық мешіттің наиб имамы өз сөзінде.

Одан кейін, марқұмдардың рухтарына арнап Құран оқылып, дұға бағышталды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары