Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысы, Шет ауданында кеңестік солақай саясаттың салдарынан жазықсыз жапа шеккендерді еске алуға арналған игі іс-шара өтті.
Аймақтың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және жергілікті тұрғындары қатысқан еске алу шарасына Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Рухани шараға сондай-ақ, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қала тұрғындары да қатысты.
Жиналған көпшілік, қала басшылығы мен шаһар тұрғындары монумент алдына гүл шоқтарын қойып, алдыңғы буынға құрмет көрсетті. Құран оқылып, дұға жасалды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер