Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешіті Алаш зиялыларын еске алды
«Әл Машани» мешіті Алаш зиялыларын еске алды

   Қарағанды  қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласында тігілген қазақы үйде арнайы дастархан жайылып,  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған рухани отырыс болып өтті.

Шара барысында Алаш зиялыларының өмір тарихы жайлы ақпараттар айтылып, нәубет жылдардың қасіреті туралы деректер тарқатылды. «Дін мен дәстүр»  бағытына сабақтасқан шара барысында мешіт жамағатына арнайы кітапшалар таратылып, уағыз-насихат айтылды.

Кеш соңында Құран оқылып,  дұға бағышталды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz