Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешіті Алаш зиялыларын еске алды
31 мамыр, 2023 жыл 79 Басып шығару нұсқасы

   31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде арнайы дастархан жайылып, еске алу кеші ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен өткен шараға аймақ жамағаты мен ақсақалдары және дін қызметкерлері қатысты.

Шара барысында  марқұмдарды бір минут еске алуға уақыт бөлініп,  мешіт имамы бабалар рухына Құран бағыштап, арнайы дұға жасады. Одан кейін, уағыз-насихат айтылып, кеш қонақтары нәубет жылдардың қасіреті мен Алаш зиялыларының ғұмыр тарихтарынан сыр шертті.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары