Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті балаларға қуаныш сыйлады
«Төлеутай ата» мешіті балаларға қуаныш сыйлады

  1-маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Аманбайұлының ұйымдастыруымен жас жеткіншектер арасында эстафеталық сайыс болып өтті.

Шара барысында балалар бірнеше топқа бөлініп жүгіруден сайысқа қатысты. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанғандарға мешіт имамы арнайы алғыс хат табыстап, балаларды айтулы мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, 150 балаға балмұздақтар үлестірілді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz