ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж көп балалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы арнайы қатысып, әлеуметтік көмекке мұқтаж, көп балалы шаңыраққа ат басын бұрды.
1-маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай жүзеге асқан шарада облыс наиб имамы балалы үйге өзінің ыстық ықыласын білдіріп, мерекемен құттықтады.
Сонымен қтара, науқас балалға қажетті жабдық пен тәттілер тарту етті.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер